Бас жүлдемен оралды
Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Жанат Досыбаева А.Байтұрсынов атындағы "Қазақ тілінің үздік оқытушысы" республикалық байқауының БАС ЖҮЛДЕСІН жеңіп алды. Рудныйлық маман облыстық сыннан сүрінбей өтіп, Нұр-Сұлтан қаласында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтетін республикалық байқауға жолдама алған еді. Елдің әр түкпірінен үздік оқытушыларды жинаған біліктілік жарысында жерлесіміздің айы оңынан туды.
Жанат Досыбаева Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығында 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол ересек тіл үйренушілерге сабақ береді. Тәжірибесі толығып, шығармашылығы шыңдалған маман республиалық байқауда қабілетімен ерешеленіп отыр.
Айта кету керек, өңіріміздің оқытушылары 2014 және 2015 жылдары өткен республикалық байқауларда да жеңімпаз болған еді.
Айта кету керек, өңіріміздің оқытушылары 2014 және 2015 жылдары өткен республикалық байқауларда да жеңімпаз болған еді.