Жітіқараның жылу жүйесі жаңармақ

Алдағы жылы Жітіқара қаласын жылу жүйесі және сумен жабдықтау үшін Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) үлкен көлемде несие бермекші. Соған байланысты Қостанай облысы әкімдігі аталған банк өкілдерімен бірлескен меморандумға қол қойды. Бұл жобаға 3,5 млрд теңге қаржы жұмсалмақ. Қаржының 60% несие түрінде болса, 40%-ы қайтарымсыз. Расында да қыруар қаражат Жітіқара қаласының жылу жүйесі және сумен жабдықтауда бұған дейінгі болып келген бірқатар олқылықтардың орнын толтырмақ.IMG_6327
– Алдын ала келісім негізінен үш айдың ішінде қаралады,– деді ЕҚДБ-ның осы жоба бойынша жетекшісі Анна Балабаева. – Содан соң Үкімет қаржыландыруды құптаса, қаражат бірден беріледі. Тағы бір айта кетер жайт – несиенің пайызы инфляцияға тікелей қатысты болмақ. Аталған қаржы 4,5% құрап отыр. Ал, мерзімі – 13 жыл.IMG_6336
Меморандум барысында Жітіқара ауданының әкімі Абай Ибраев жылу жүйесі және сумен жабдықтауды жаңартумен қатар газды-поршенді электр станциялары құрылысының салынып қалатынын тілге тиек етті.
– Қазір «Житикаракоммунэнерго» МКК қызметін 613 заңды және 14 мыңға жуық жеке тұлғалар пайдаланып отыр. Әзірге кәсіпорынның жылдық табысы  2 млрд теңгені құрайды. Яғни, пайдаланушылардың 49% қаражатын жылуға жұмсаса, 33% электр энергиясына төлейді,– деп Абай Ибраев кәсіпорын жайында қысқаша ақпарат берді.IMG_6352
Іс-шара барысында өңір басшысы Архимед Мұхамбетов облыс бойынша жылу жүйесі желілерінің әбден тозғандығын алға тартты.
– Біз энергия көздерін тиімді пайдаланып, ресурстарды үнемдеу үшін жұмыс істеуіміз керек. Еуропалық қайта құру және даму банкінен несие алып отырған Жітіқара – екінші қала. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Келесі кезекте Арқалық қаласы тұр. Қазір Арқалықта энергоаудит жүріп жатыр. Біз бұл қаланы мазутпен жылытуға қалдырамыз ба, әлде су жылытатын немесе жергілікті қазандықтар саламыз ба, осы мәселені біржақты шешіп, шығындарын есептеп, содан кейін ЕҚДБ өкілдеріне жаңа ұсыныстарымызды айтамыз,– деді Архимед Бегежанұлы.IMG_6373
 
IMG_6382Жалпы, ЕҚДБ 1991 жылы құрылған. Банк бұл күндері жиырмадан астам елге құрылымдық және экономикалық реформаларды жүргізуге бағытталған қаржылық көмек көрсетіп келеді. Енді міне, банк өкілдерімен облыс әкімдігінің бірлескен меморандумы аясында Жітіқара қаласының жылу жүйесі мен су құбыры желілері толықтай жаңарып, қала тұрғындары алдағы уақытта пайдасын көрмек.
 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓