Бас жүлде – 800 000 теңге
Қостанай облысының аймақтық брендін анықтауға арналған байқау жарияланды. Жеңімпаз 800 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталады. Өтініштерді қабылдау мерзімі 14-наурыздан 14-сәуірге дейін.
Байқау туралы «Келешек-2050» қоғамдық қорының жетекшісі, жобаның ұйымдастырушысы Руслан Смаилов хабарлады. Жаңа жоба Қостанай облысының ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша жүзеге асуда.
Байқау қатысушыларының жасына шектеу қойылмаған. Бірінші кезеңде, 1-15 сәуір аралығында интернет арқылы дауыс беру жүргізіледі. Екінші кезеңде, 17-21 сәуірде топ ішінен суырылып алға шыққан үміткерлер өз жұмыстарын таныстырады. Жеңімпазды сарапшылар кеңесі анықтайды. Қатысушылардың өтініштері www.profsoyuz.kz сайтында қабылданады. Қосымша ақпараттарды білу үшін 8 (7142) 54-22-89 телефонына хабарласыңыз.
Байқау туралы «Келешек-2050» қоғамдық қорының жетекшісі, жобаның ұйымдастырушысы Руслан Смаилов хабарлады. Жаңа жоба Қостанай облысының ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша жүзеге асуда.



Байқаудың негізгі талаптары:
1.Логотип графикалық белгі (эмблема, рәміз), қалың көпшіліктің арасында облыстың танымалдығын арттыруға қолданылады. Ол брендтің атына толық сай келетін стильді әріптерден немесе сөзден тұруы қажет. Логотип jpeg, png, giff, 1000×1000 px форматтарында ұсынылуы тиіс.
2.Сөз тіркесі бейнелі қанатты сөз немесе қысқа да ұғынықты сөйлем. Ол туристерді тарту, қызықтыру, шақыру және нақты аудиторияның назарын аудару үшін қолданылады. Ұсынылған сөз тіркесі жеңіл оқылуы, ерекше болуы, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде берілуі қажет.
3.Тұжырымдама. Қостанай облысы аймақтық брендінің тұжырымдамасы мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленіп, қолмен толтырылған болуы мүмкін.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.