Көлік ұрлаушы құрықталды

21 маусым күні Федоров АІІБ жергілікті полиция бөлімшесінің қызметкерлері  «ВАЗ – 21053» автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Жеңіл автокөлік салонынан ұрланған автобөлшектер табылған.протокол
Күдікті автокөлігі Жаркөл ауылында тоқтатылды. Көлікте ұрланған бөлшектерден бөлек резеңке таяқ та бар екен.
Тәртіп сақшылары қылмыскерді полиция бөлімшесіне жеткізген соң, іс қаралып, табылған автобөлшектер «ВАЗ-21070» автокөлігінен ұрланғаны анықталды. Аталмыш автокөлік көршісі Владыкин ауылының маңайында екені мәлім болды.
Федоров АІІБ басшылығы полиция қызметкерлерінің қырағылығын атап өтіп, оларға алғыс жарияламақшы.  

Қостанай облысының ІІД баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓