Субсидиялау тәртібі өзгерді

        Облыс ауылшаруашылық саласын қолдау үшін Үкімет 30 млрд теңге қаржы бөлді. Биыл республика ауылшаруашылық министрлігі егіннің әр гектарын субсидиялаудан бас тартып отыр. Демек, қостанайлық шаруалар өндірген өнім үшін ғана инвестициялық дотация мен субсидия алатын болады.i       «Қазақстан фермерлер одағы» облыстық филиалының төрағасы Владимир Дранчуктың айтуынша, диқандар бидайдың әр гектарына субсидия алмағанмен, мал азығын өсірумен айналысатын шаруалар үшін субсиядиялау тәртібі бұрынғысынша қалған. Майлы дақылдар үшін де субсидия төленеді, тек, демеуқаржы өндірілген өнімнің тоннасына төленетін болды.
        -Мал азығын өсіруді субсидиялау сүт немесе етке қаржы бөлгеннен әлдеқайда маңызды. Жалпы, жем-шөп әзірлеуді қаржыландырудың шығыны көп. Сондықтан, ақшаны  әр гектарға төлеу мәселесімен министрліктің өзі келісіп отыр,-дейді Владимир Дранчук.
         Әзірге, облыстық ауышаруашылық басқармасы қаржыландыруды бастау үшін тиісті құжаттарды күтіп отыр. Біздің облысқа бөлінген қаржы гербицидтер, минералды тыңайтқыштар сатып алуға, сондай-ақ, инвестициялық субсидияларды төлеуге жұмсалады.
        -Тұқым сатып алуды да субсидиялаймыз. Мәселен, «Элита» тұқымын сатып алу  үшін 323 млн теңге қаржы бөлінді,-дейді облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Тимур Бейсембаев.
        Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан  биылғы көктемгі егіс жұмыстарын атқару үшін 375 мың тонна жанармай бөлінгендігі мәлім болды. Тарқатып айтсақ,  наурыз айына – 147 мың, сәуірге – 106,4 мың, мамырға – 118,6 мың және маусымға 2 мың тонна жанармай берілмек. Бір тонна дизелдік отынның бағасы 107 теңге.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓