Аймақ басшысы Минск трактор зауытында
27-28 мамыр аралығында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қазақстан Республикасы Үкіметінің делегациясы құрамында Беларусь Республикасының Минск қаласына жұмыс сапарымен барып, бірқатар іс-шараға қатысты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аймақ басшысы сапар барысында «Минск трактор зауыты» ААҚ-ның кәсіпорын алаңында зауыт басшылығымен кездескен.
"Биыл бұл зауыт 75 жылдық мерейтойын атап өтті. Олар әлемдегі ең ірі ауыл шаруашылығы техникаларын өндірушілердің бірі саналады. Түрлі техника компоненттерін шығарады", – деген мәлімет беріледі хабарламада.
Қос тараптың кездесуі барысында машина жасау саласына қатысты бірқатар мәселе талқыланған.