Әрқашан да дайынбыз

фото Дамир
Күрделі кезеңде мемлекетке көмекке келген волонтерлер – бұл белсенді азаматтық ұстанымы бар қарапайым адамдар, оларды ешкім жұмыс істеуге мәжбүрлеген жоқ, олардың еңбегі тіпті төленбейді де. Төтенше жағдай режимі басталған уақыттан бері Қостанай облысы Азаматтық альянсы және Жастар ресурстық орталығының волонтерлері егде жастағы 1500 қостанайлыққа дәрі-дәрмек, гигиена құралдары мен азық-түлікті жеткізіп, өз көмектерін көрсетті. Бұның барлығы – азаматтардың осал санаттары арасында сырқаттану қаупін төмендету үшін жасалып жатқан шаралар. Қиындық, тәуекел мен қоғамның жалпы бейжайлығына қарамастан, карантиндік режимді ұзарту орынды деп санаймын. Мемлекет пен қоғам жағдайды бақылауға алу үшін көп жұмыс жасады, алайда тәуекелге баруға болмайды. Біз пандемиядан кейін де көп көмек көрсетуге дайынбыз, Мемлекет басшысы еңбегімізді көріп, бағалайтыны бізді аса қуантады.
Дамир ӨТЕБАЕВ,
«DamU.kst» қоғамдық қорының төрағасы,
«Акселератор добра»  еріктілер қозғалысының үйлестірушісі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓