Саят – халықаралық одақтың мүшесі

Астанадан қуанышты хабар жетті. Аманкелді ауданының тумасы, Ахаң атындағы  Қостанай университеттің түлегі Саят Әбенов «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілерінің халықаралық одағының» мүшесі атанды.
сааааАйтыстағы қадамын алғаш облыстық «Жас тұлпар» ақындар айтысында бастап, қаламын «Қостанай таңы» газетінің «Жас қалам» әдеби қосымшасында шыңдаған ол бүгінде Астана қаласында журналистика саласында жемісті қызмет етіп жүр. Айта кетерлігі, бірнеше аймақтық жыр мүшайралары мен айтыстардың жүлдегері Саят осы одақ мүшелігіне енген тұңғыш қостанайлық өнерпаз. Оған куәлік жуырда Алматы қаласында өткен «Өз еліңде сұлтан бол!» атты жастар арасындағы айтыста арнайы 300 мың теңге жүлдесімен қоса табыс етілді.
 
Күнжан Әбеу

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓