“Жалғызталдың” жағдайы жақсара бастады

Жалғызтал ауылы кезінде – Арқалық қаласының артта қалған ауылдарының бірі болатын. Ел дамуымен бірге мешеуленген ауыл тұрмысы қайта түлеуде.
DSCF5686 Елбасы Жолдауымен салынып жатқан "Арқалық – Шұбаркөл" теміржолы осы ауылдың нақ іргесінен өтеді. Теміржол құрылысының басталысымен ауылда жұмысшылар қалашығы тұрғызылып, қараң – құраң қарбалас тірлік басталып кеткен болатын. Тек қана "Жалғызтал" емес, Терісаққан бойындағы "Целинный", "Молодежный", "Мотросов" ауылдарының да тынысы кеңейіп сала берді.
 Өткен жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша аталған ауылдарға жаңа су құбыры да тартылып берілді.
 – Ауылымыздың 402 тұрғыны бар. Теміржол тартылып, су келіп дегендей тіршілігіміз қайнап жатыр. Біздің 18 тұрғынымыз теміржолда, 5 адамымыз су резервуарында жұмыс істейді. Табыстары жақсы.  Ауылда 8 үй бие байлайды. "Дайра" жеке шаруа қожалығы да қымыздың қызығын көріп отыр. Өзге де ауылдастарымыз мал басын көбейтіп, құс өсіріп, диханшылықпен айналысып дегендей жылма жыл жеке кәсіп көздерін кеңейтіп келеді, – дейді ауыл әкімі Қанағат Тоқсейітқызы.
 Ауылда дәрігерлік пункт, дүкен, мектеп, кітапхана сынды әлеуметке қажетті орындар қалыпты жұмыс ырғағын сақтаған. Түн болса көшелері самаладай жарық. Ұялы байланыс телефоны, ғаламтор сынды заманауи игіліктер де жат емес.   
 
 Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓