Академия үздіктерді марапаттады
ҚР Ішкі істер министрлігі Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жыл сайынғы дәстүрге айналған II Үздіктер слеті өтті. Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған мерекелік іс-шарада озат оқыған үздік курсанттар марапатталып, биыл оқуға түскен талапкерлер бірінші курсқа қабылданды.
Аталмыш іс-шара барынша сән-салтанатымен өтті. Академияның бастығы, полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов жастарға ақ жол тілеп, үздіктердің марапаттарын өз қолымен тапсырды.– Сіздердің оқудағы белсенділіктеріңіз, мақсатқа талпынуларыңыз, жаңа білімге ұмтылуларыңыз кейінгі талапкерлерге үлгі және ұстаздарыңыз бен ата-аналарыңыз үшін мақтаныш. Үздік оқып, академияның қоғамдық өміріне тікелей ат салысқандарыңыз белсенді өмірді көрсетеді. Осы еңбектеріңіз ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделін арттырады. Академия әрқашан түлектерімен мақтана алады. Сіздерге оқуда озат атанумен қатар, өмірде үздік болуды тілеймін. Мен сіздердің өз істеріңіздің кәсіби маманы болып, жаңа білім мен идеяларды дамытуға, біздің еліміздің табысты болуына үлес қосатындарыңызға сенемін,-деді академия бастығы Мирлан Қызылов.Академияның 19 курсанты ҚР Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес, «Оқу орнының үздігі» төсбелгісімен марапатталған еді. Соның 5-і биылғы оқу жылында марапатталып отыр. Оқу орнын зор табыспен бітірген тоғыз түлек ІІМ, полиция генерал-колковнигі Қ.Қасымовтың қолынан лейтенант шенін алды. 2016 жылы курсант Нұрсұлу Есенгелдина және биыл курсант Айнұр Бисагимова ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қолынан лейтенант шенін алды. Академияның үздік жастары олимпиадаларда жүлде алып, ғылыми конференцияларға қатысып, шығармашылық сайыстарда бақ сынап жүр. Биылғы оқу жылында 2,3,4, курс курсанттарыныңы арасынан 60 үздік курсант анықталды.Салтанатты іс-шарада «Оқу орнының үздігі» төсбелгісін алған курсанттардың бірі Руслан Ілиясов. Ол төртінші курста оқиды. Руслан оқуда озат әрі спортшы жас.
-Мен төрт жылдың ішінде өз білімімді дәлелдеп шықтым. Сол еңбегім ескеріліп, марапатқа ұсынылдым. Оқумен қатар спортпен шұғылдандым. Қол күрестен спорт шеберлігінен үміткермін. «Заң және тәртіп» дебат клубының қазақ лигасының үйлестірушісімін. Мен білім үйренумен қатар, жан-жақты болуға тырысамын,-деді академияның 4-курс курсанты Руслан Ілиясов.

Қымбат ДОСЖАНОВА,
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.