Қас батырды құттықтады

«Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагері Қасымхан Алдабергеновтің үйіне барып, майдангерді Алғыс айту күнімен құттықтады.IMG_7554
Майдангер партия белсенділері мен бір топ журналистерді зор қуанышпен қарсы алды. Ақсақал тәуелсіздіктің қадірі туралы аз-кем әңгіме өрбітті. Қазыналы қарияның өнегелі сөздері кімнің де болсын жүрегіне жылы тигені сөзсіз. Өйткені, Қасымхан Алдабергенов от пен оқтың ортасынан аман шыққан қаһарман. Ол – соғыстан кейін қаруды қаламға айырбастаған қаламгер. Қасымхан атаның тоқсан бес жылдық тарихы бар «Қостанай таңы» газетінің Ұзынкөл-Меңдіқара, кейін Науырзым-Әулиекөл аудандарында меншікті тілшісі болып жұмыс істегені көзіқарақты оқырманға белгілі. Атамыздың қалдырған ізі басылымның өткен тарихында сайрап жатыр. Кейінгі толқын, іні-қарындастары Қасымхан атаны құрыштан құйған құдірет деп құрметтейді.IMG_7560
– Қазақтың жастары өнер, мәдениет, спорт жағынан әлемдік дәрежеге шығып жатыр. Біздің өрендер дамыған шетелді басып озатынына сенемім. Бүгінде қазақты әлем әр жағынан танып жатыр. Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Бірлігіміз жарасып, әлемге әйгілі Мәңгілік ел болайық. Аталарыңның өткен жолын, басқан ізін зерттеп, жақсыдан үлгі алып жатсаңдар қуанамыз. Біз ұлтарақтай жер үшін жан бердік. Сүйегіміз Еуропада шашылып қалды. Қаншама азаматқа туған жердің топырағы бұйырмады. Батырлардың қанымен келген бейбітшілік, байтақ дала қазіргі ұрпаққа мұра болып қалды. Балаларымыз кең жазира жеріміздің қызығын көрсін, игілігіне жаратсын, жатқа бермесін, – деді майдангер Қасымхан Алдабергенов.IMG_7582Аймақтық іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Саруки Башаева партиялықтармен бірлесе майдангерге сый-сияпат жасады. Ардагерге Қостанай облысынан шыққан Ұлы Отан соғысының батырлары туралы жазылған екі томдық энциклопедия сыйлады.IMG_7602
– Ертеректе біздің елімізге қоныс аударған әртүрлі этнос өкілдерін қонақжай қазақ халқы құшақ жая қарсы алды. Бөтен деп өгейсіткен жоқ. Керісінше, бәрін бауырына басты. Бабалардан берілген қонақжайлық қасиеті ұрпақтан-ұрпаққа үлгі болып жетпек. Біз Қасымхан ағаның мерекемен құттықтай бардық. Себебі біз, бейбіт заманның ұрпақтары майдангерлерге қарыздармыз, – деді «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Ғазиз Бекмұхамедов.
 
Қымбат Досжанова.
Суретті түсірген Айбек Жүзбай.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓