“Ертеде бір бай болыпты…”

Қазақ  ертегілері осылай бас-талатын еді ғой. Соған қарағанда есте жоқ сонау  бір ықылым  заманда   бай да, бағлан да  бол-ғаны рас-ау. Ондағы байлық көзі кәдімгі қазақтың  төрт түлігі. Тек кешегі  кеңес заманы айналдыр-ған жетпіс жылдың ішінде бай – бағлан атаулыны адамзаттың  қас дұшпаны деп сана-сезім, жүйке-жұлынға сіңіріп жіберді. Сіңіргені сондай,  әлі күнге дейін кейінгі ұрпаққа  ақ-адал еңбегімен байыған, дәулетті қазақтың  жағымды  имиджін қалыптастыра алмай келеміз. Біздің байларымыздың баюдағы  төккен тері, амал-айласы, өмір сүру салты қарапайым халыққа жақпай-ақ қойды. Әйтеуір оларға тыжырына, күншілдікпен қарайтын көзқарас  басым.
сурет АязбековАл енді төрткіл дүниені дөңгеленткен американың  алпауыт байларының қазақтан несі артық? Қысқаша шолып көрейікші. Айталық  –  Джон Рокфеллер.  Қыруар дерек-дәйектер легіне үңіліп, бір байқағанымыз, Джон Рокфеллердің тірлігі қазаққа ұқсамайды. Ұқсамайтыны – есі кіргеннен-ақ отбасында өз күніңді өзің көр деген қағидат тәрбие діңгегі болған. Қаршадай  баланың  математикаға қабілеті зор болыпты. Содан жасы он алтыға келгенде  Джон  алты күн, алты апта бойы бухгалтерлік  жұмыс іздейді. Аптап ыстықта  қара қалың костюмі мен қара галстукті бозбала бір кеңседен екінші кеңсеге жанкештілікпен  барып, табанынан таусылады. Ақыры күндер-дің күні "Хьюитт энд Таттл" фирмасына бухгалтердің көмекшісі  болып ілігеді.  Рокфеллер  бұл күнді өмір бақи өзінің екінші туған күні ретінде атап өтіпті. Әлемдегі капиталдың аждаһа атасы атанған  миллиардердің қалай байығанынан гөрі, қандай қасиеттері болғаны қызықтырақ..
Бітісінде  Рокфеллер өте сабырлы екен: ешқашан дауысын көтермеген, күйіп-піспеген, оны  ешкім ызаландыра алмаған. Бірде оған адуынды мердігер баса көктеп кіріп, жарты сағат бойы тоқтамастан айқайлайды. Ал Рокфеллер болса,  мәу  демеген маңғаз қалпы, мердігер ызаға булығып, қып-қызыл болып әбден діңкесі құриды. Сонда Джон еңсе көтеріп, ақырын ғана былай деп сұрапты: "Кешіріңіз, мен сіздің не айтқаныңызды түсінбедім. Қайталай алмайсыз ба?…"
Рокфеллер қайырымды да мейірімді қожайын болған екен.   Жұмысшыларына жақсы жалақы, науқастарға ақы төлеп тұрды, қызметкерлеріне  тәуір зейнетақы тағайындады. Бірақ өзіне қарсы келгендерге аса қатал еді. Өзінің бағынышты-ларға  жүрек жылытар жылы сөзі әрқашан дайын болатын. Сонда да олар Джоннан қорқатын.
Джон Рокфеллер өзінің қызы Лаураны "бас директор" етіп тағайындады. Балаларына егжей-тегжейлі бухгалтерлік кітапты жүргізуге баулыды. Әр бала бір өлген шыбын үшін –  екі цент, бір қарындаш ұштағаны үшін – он цент және әнмен айналыс-қан бір сағат үшін – бес цент алды. Кәмпит жемеген бір күн екі цент тұрса, әрбір келесі күн он центке бағаланды. Балалардың әрқайсысында өзінің бақшасы болды. Ондағы он жұлынған арамшөп бір пенни тұратын. Рокфеллер – кішісі ағаш жар-ған бір сағат үшін он бес цент табатын, ал қыздарының бірі түнде үй ішін аралап, шамды сөндіргені үшін ақша табатын еді. Таңғы асқа кешіккен кішкентай Рокфеллерлерге бір цент айыппұл салынатын, олар күніне бір түйір ірімшік алатын, ал жексенбі күні оларға Інжілді ғана оқуға рұқсат берілген.
Миллиардер өз дарыны мен қарымына сеніп, империясын жалғыз басқаруға ұмтылған жоқ. Рокфеллер Standart Oil Company-ді комитеттер көмегімен басқарды: Джон Д.Рокфеллер-үлкені орасан зор капиталдарды адамға қызмет еткізгені аңыз болып тарады.  Тіпті, жасөспірім кезінде ол ақшасын баптист шіркеуіне қайырымдылыққа беретін. Орасан байлыққа ие  Джон ақшаны қалай  жылдамдықпен тапса, сондай ұшқырлықпен  сол ақшаны таратып та беретін. Рокфеллер мен қорлары 530 миллион долларды қайырымдылық мақсаттарына қаражат жұмсаған. Рокфеллердің санитарлық комиссиясы ондаған мың жұп аяқ киімді жай ғана тарату арқылы АҚШ-тың оңтүстігінде бір тарихшымен "жалқаулық микробы" деп аталған анкилостомидозды жойды. Ол оның қаражатына ашылған Медициналық зерттеу-лер институты – тек медициналық зерттеулерге арналған әлемдегі ең бірінші институт (бүгінде Рокфеллер университеті) одан да күрделі аурулармен күресуге көмектесті. Қартайған Рокфеллер қайда болмасын жүрген жерінде қалтасынан бес және он центтік монеталарды алып айналасындағыларға уыстап үлестіріпті. Ол үнемі өзімен бірге қорын алып жүреді екен. Джон Д.Рокфеллер үшін алу да, беру де  медальдың  екі бетіндей еді.
Әрине, айта түссек байлардың сыры да, жыры да таусылмайды.  Бір анығы, Америка мен батыс байларының бітіс-болмысы, менталитеті бөлек.     
Десек те.. айналып келгенде,  бәрі де кәдімгі адам баласы,  пенде..
Жанұзақ Аязбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓