Қара риэлторшы харакири жасады

Сотталушы, қара риэлторлар тобының көшбасшысы Шахраман Алибаев сот залында белгісіз өткір затпен өзін-өзі жаралады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.  рэлторОсындай адам сенгісіз оқиғаны Қостанай облыстық қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі растады.
Тұтқында болған Алибаевтың мойнын кесіп кеткен заттың қайдан пайда болғаны әзірге белгісіз. Оның жарақаты жеткілікті дәрежеде ауыр болып сипатталуда. Алибаев сот залынан ауруханаға жеткізілді. «ҚазАқпарат» тілшісінің дерегі бойынша, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Қостанайда 8 жыл бойы әрекет еткен қара риэлторларға байланысты атышулы іске құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ нотариустардың қатысы бар. Бұл іс өткен жылдан бері сотта қаралуда. Отырыс барысында Алибаев мәлімдегендей, ұйымдасқан қылмыстық топтың негізгі көшбасшылары қазіргі таңда бостандықта жүр және құқық қорғау органдарында жауапты қызметтерді атқаруда.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓