Шаңырақтың шаттығы мен берекесі
Сарыкөлде "Пай, пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай!" сайысында салт-сананы сақтап, алғыс арқалап жүрген келіндер бақ сынады.
Шаңырақтың шаттығы мен берекесі бола білгендер "Қазақтың келіндері-ай! – дейтіндей теңеуге лайық екендерін дәлелдеді. Алтындай самауыр мен күмістей шәйнегін қайнатып, дастарханын жайнатқан ибалы да, инабатты жандар, байқау барысында өз-өздерін таныстырып, ұлттық қолөнерді ұлықтап, салт-дәстүрді дәріптеп, өнерден де құр алақан емес екендіктерін паш етті. Сондай-ақ, сәнді киімдерімен шығып, сахнаға сән берді.