Аязбек Сәденов – “Мен де бір перзенті едім Жер-Ананың”

ақынАязбек Сәденовтің (1953-1972) есімі көпшілікке таныс емес. Ол небары 19-ақ жыл жер басып, қыршынынан кеткен талант. Өз өлеңінде айтқандай, "өмірден аз күн дәм татты". Сол қас қағымға келмейтін келте ғұмырында артына аз да болса жырдан мұра қалдырды. Туындыларының барлығын дерлік мектепте оқып жүргенде қағаз бетіне түсіріпті… 
Ол Жанкелдин ауданы Жаркөл ауылында туған. Орта мектепті 1970 жылы бітірген. Біртақар өлеңдерінің облыстық басылымдарға жарияланғанын көзімен көргенімен, жетер жеріне жете алмай, арманда кеткен азамат. 
Бүгін назарларыңызға өмірінің соңғы кездерінде жазған шағын өлеңін (реквиемін) назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

You may also like...

1 Response

  1. ГүлбиГүлби айтты:

    Құдай-ау, басқа оқитын адам болмағаны ма?  Жүрекке жететін өлеңді, жүрекке жеткізіп оқи алмады ғой…

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓