Мұғалімдер қағазбастылықтан құтылады

Бұл туралы білім және ғылым министрі бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында хабарлады. сагадиев«Қазір Ұлттық ағарту мәліметтері базасы, электрондық күнделік бар. Сондықтан, қағазбен есеп беруді алып тастай аламыз. Бірақ бірнеше проблемалардың бары да рас. Мұғалімдер әртүрлі тексерушілердің алдында «анау дұрыс емес, мынау дұрыс емес» деп айта ма деп қорқады. Ең басты мәселе – қаржы, білім министрлігі және прокуратура бірлесіп, қағаз бен  электрондық журналды тең деп тауып, мұғалімдердің қорқынышын жоюымыз керек. Осы мақсатта құжаттарды қаржы министрлігіне тапсырдық. Бұл мәселеге олар да қарсы емес», – деді Ерлан Сағадиев. устаззОсы мәселеге орай, министр мектептердегі интернеттің қолжетімділігіне де назар аударды. «Екінші проблема – интернет әрбір мектепке, әрбір кабинетке жете бермейді. Осы мәселені шұғыл шешуіміз керек. «Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында бұл жағдай бірінші кезекке қойылған. Біз вай-файды әр класқа жеткізуді биылдан бастап қолға алмақпыз. Үшінші мәселе – компьютерге қатысты. Біз жылына 11 мың компьютер сатып аламыз. Бірақ оның өзі де аз. Сондықтан, қаржыландыруды ұлғайту керек», – деді министр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓