Ірі көлемде есірткі саудалаған анасы мен баласына жазаға кесілді

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ірі көлемде есірткі сатын заңсыз сақтау және өткізу бабымен айыпталған Рудный қаласының тұрғындары  анасы мен баласына үкім шағарды деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі. приговор
Оқиғанын мән-жайына тоқталсақ. Өткен жылдың қарашасында жедел іздестіру шарасын өткізу барысында, полиция қызметкерлері Рудный қаласының тұрғындары 55 жасар В. Куляскина мен оның баласы 29 жасар В.Куляскинді құрықтады.
Құрыққа түскенін сезген Куляскина жалпы салмағы 97,82 грамм «героин» есірткі затын ас үйдің ашық терезесінен сыртқа лақтырып үлгірген. Бірақ мұнымен ол өз жазасын жеңілдеткен жоқ.. Үйінің шығаберіс бөлмесінен қағаз бумаға оралған 3,43 грам есірткі табылып, тәркіленген.
Сонымен қатар тергеу кезінде Рудный қаласының Ленин көшесінің ауласында тұрған В. Куляскиннің автокөлігінен 6,81 грамм улы зат полимерлік түйінде табылған.
Сот екі азаматты айыпты деп танып, әр қайсысына 10 жыл қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтеу туралы өкім шығарды.
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓