Пара алған погонды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның Қостанай облысы бойынша департаменті облыстың Мемлекеттік кіріс департаменті Экономикалық тергеу қызметі Жедел Басқармасының бас маманы – аға офицер С. Қозбақовты әшкереледі.
С. Қозбақов қостанайлық адвокаттар алқасының адвокаты Е. Мұхамеджановтың делдалдық етуімен қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны және жасаған қамқорлығы үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өңірлік филиалының өкілінен 3 млн теңге көлемінде пара алғаны анықталды. Қазір ол Рудный қ. ІІБ УҰИ қамалды. Сот алды тегеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Ұлттық бюроның баспасөз қызметі.