Затобол толықтай газбен қамтылады

Бұл 2018 жылы жүзеге асырылмақ. Қазіргі уақытта Қостанай ауданына қарасты 55 ауылдың 16-сы көгілдір отынмен қамтылған. Сол арқылы 34 мың адам газдың игілігін көріп отыр. Затобол, Заречный, Владимиров, Майкөл, Алтынсарин елді мекендерінің жеке учаскелері мен көшелері газға зәру. Бұл туралы аудан әкімі Қайрат Ахметов айтты, деп хабарлайды "Алау" порталы.газо
"Затобол кентінің 89,119 млн теңгелік, Жамбыл ауылының 44,365 млн теңгеге шақ, Заречный селосының Ленин-Майлин көшелерінің 9,989 млн теңгелік жобалық-сметалық құжатнамасы бар",- деп дерек келтірді аудан әкімі.
Оның сөзінше, облыстық әкімдікке "ҚазТрансАймақ" АҚ-мен жасалған Меморандумның екінші кезеңі бойынша Озерный, Шеминов, Надеждин, Борис-Романов, Майкөл, Владимиров, Садчиков, Жамбыл ауылдарына газ құбырын жүргізу өтініші жолданған.
"2018 жылдың аяғына қарай Затобол кентінде төменгі қысымды газ желісінің құрылысы басталады. Жергілікті қазынадан 89,1 млн теңге бөлінеді. Осы арқылы Затобол жүз пайызға газбен қамтылады. Сондай-ақ, Жамбыл ауданына жоғарғы қысымды газ құбырын жүргізу жоспарда бар. Ол үшін 44,365 млн теңге қарастырылмақ", – деді Қ.Ахметов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓