Ақпарат берді
Ұзынкөл ауданы. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы жол полициясы инспекциясымен бірлесіп «Жолдағы қоғамдық қабылдау» атты республикалық акция аясында ауданның орталық көшелерінде іс-шара өткізді. Шара барысында жүргіншілерге, акцияға қатысушыларға жолда жүру мен жол қозғалысының жаңа ережелері туралы түсінік берілді. Жолға қатысты ескертпелер де назарға алынды.