Қылмысын өзі мойындады

Күні кеше "Қайрақ" шекарадан өткізу бекетінде ресейлік азамат есірткімен ұсталды. Бұл туралы бекет бөлімі бастығының орынбасары Бахрам Дараев хабарлады.марихуана
"Қостанай-Челябі" бағытындағы жолаушылар автобусын тексеру кезінде шекарашылар көзі қызарып, тілі күрмеліп отырған азаматқа назар аударған.
"Оны тінту кезінде ресейліктің күрткесінің жалбағайынан қағазбен және скотчпен оралған түйіншек табылды. Күдікті бұл орамада марихуана барын жасырмай өзі айтқан. Ол мұның қылмыс екенін білмеген. Есірткілік зат салмағы 87 грамм болды", – деді Б.Дараев.
Маманның айтуынша, айыпкер есірткіні ғаламтор арқылы қолға түсірген. Заңсыз сауда жүргізген сайтты тиісті органдар тексеру барысында.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓