Әріптестеріне демеу білдірді
ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған іс-шаралары жоспарына сәйкес «Өрт сөндіруші» АҚ Қостанай облысы филиалының қызметкерлері «Мектепке жол» акциясын өткізді. Ұжым ортадан жиналған 100000 теңге соммасына кеңсе тауарларын сатып алып, әріптестері Т.Брахметовтің балаларына тапсырды. Брахметовтер көп балалы және жан-жақты қолдау қажеттілігіне зәру отбасы болғандықтан, осындай бірауызды шешім қабылданды.