Құттықтаймыз!

Бүгін "Қостанай таңы" облыстық газеті" ЖШС директоры-бас редакторы Жанұзақ Аязбекұлын туған күнімен редакция ұжымы құттықтады.
    
Аса қадірлі Жанұзақ Аязбекұлы!
 
      Өз ұжымыңыз – облыстық «Қостанай таңы» газетінің редакциясы атынан Сізді 63 жас туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!    
      Сіз ұзақ жылдар бойы Қазақ журналистикасының дамуы жолында жемісті  қызмет етіп келе жатырсыз. Саналы ғұмырыңыздың қырық жылға жуығын журналистика саласына арнаған Сіз осы жылдар бедерінде қарапайым тілшіліктен компания басшылығына, облыстық газеттің Бас редакторлығы лауазымына дейін көтерілдіңіз.  Бұл Сіздің БАҚ саласындағы шынайы еңбегіңіздің жемісі деп білеміз.     
       Сіздің бұқаралық ақпарат құралдарына қосқан үлесіңіз әр жылдары өзінің лайықты бағасын алып, мемлекеттік деңгейдегі түрлі маратапаттармен аталып өтілді.
        Сізді мерейтойыңызбен құттықтай отырып, Өзіңізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жаңа шығармашылық табыстар, отбасыңызға амандық тілейміз!
 
_MG_2462    
  Құрметпен – облыстық «Қостанай таңы» газетінің ұжымы
                       10.02.2017 жыл.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓