Сарыкөлдік өрт сөндірушілер үздіктер сапында

«Үздік өрт сөндіру бөлімі-2016» VII республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Бас-аяғы 16 үздік өрт сөндіру бөлімшесі бақ сынаған бұл сайыста Сарыкөл ауданының №16 өрт сөндіру бөлімі үздік үштіктің сапына енді.
Байқау  қос кезеңнен тұрды. Алғашқысы өткен жылы облыстың аудандық бөлімшелері арасында өтіп, қорытындысы желтоқсан айында жарияланды. Онда облыстық комиссия өрт сөндіру депосы ғимаратын күтіп ұстау, аумақты абаттандыру, өрт техникасын пайдалану сапасын бағалады. Ең негізгі сынақтың бірі жеке құрамның кәсіби даярлығының деңгейі болды. Айта кету керек, №16-ӨСБ барлық параметрлер бойынша жетістіктерге жетіп, үздік атанды. Сөйтіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Бұл сында да тату-тәтті ұжымның жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі сыналды. Бірақ, олардың барлығы өз ісінің шеберлері екендігін паш етті.Сарыкөлдікт өрт сөндірушілер (1)
-Бірінші күннен-ақ барлық жеке құрам республикалық байқауға дайындалумен болды. Әркім белгілі бір өз үлесін қосты, – дейді №16 ӨСБ-нің бастығы Андрей Тоцкий.Грамотамен тұрған аудандық өрт сөндіру бөлімінің бастығы А.Тоцкий
Оның айтуынша, республикалық кезең де оңай өткен жоқ. Байқаудың шартына сай рефераттар жазды, бейнеролик пен фотоальбом құрастырды, ең негізгісі  айтулы оқиғалардың тарихын ашатын фотоматериалдарды рәсімдеу жағына және өрт сөндіру техникасының жай-күйі мен ғимаратты күтіп ұстауға бас мән берілді. Сондай-ақ, өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша нормативтерді тапсыру  шешуші сын болды. Бұл жерде, әрине, дене дайындығы рөлі маңызды. Өйткені, 4 қабатты мұнараның терезесіне шабуыл жасайтын сатымен көтерілу, 100 метрлік жолақты кедергілер арқылы жүгіріп өту керек. Сығылған ауадағы аппаратпен бақылау-тексеру нормативке кірген. Барлық осы қиын тапсырмаларды біздің ауданның бас өрт сөндірушісі Андрей Тоцкий +"5"  деген бағаға орындаған.Сарыкөлдік өрт сөндірушілер..
Жалпы, шешуші кезеңнің қорытындысы бойынша, бірінші орынды 1 303 ұпай жинап, Қарағанды облысы мамандандырылған жасағы жеңіп алса, екінші орынды Астана қаласының № 8 өрт сөндіру бөлімі (1274 балл) еншіледі. Астаналық әріптестеріне үш-ақ ұпаймен есе жіберген Сарыкөл ауданының №16 өрт сөндіру бөлімі (1271 ұпай) үздік үштікті қорытындылады.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР ІІМ төтенше жағдайлар Комитеті төрағасының құрмет грамоталарымен марапатталды.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓