Франциядан жүлделі оралды
Рудныйлық Мирас Баршылықов Парижде грек-рим күресінен өткен Халықаралық турнирде "қола" жүлде ұтып алды. Ол – кеншілер қаласындағы №2 БЖСМ түлегі, бапкері. 28-29 қаңтарда өткен «Гран-при Париж-2017» ІV Халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп, үздік үштік қатарынан көрінді. Грек-рим күресінен спорт шебері Мирас 75 келі салмақ дәрежесінде белдесті. Алғашқы екі кездесуінде қарсыластарының жауырынын жер иіскеткенімен, жартылай финалда польшалық Аркадиус Кулиничтен айла асыра алмады. Дегенмен, финалда өзге поляктан басым түсіп, 3-орынға табан тіреді.
Бұл – Францияда 21-26 өтетін әлем чемпионатына іріктеу турнирі.
Материал "Хорошое дело" сайтынан алынды