Стаспен ұстасар кім бар?

Меңдіқара ауданының БЖСМ бұрынғы тәрбиеленушісі Стас Рыльский Алматы қаласында классикалық күрестен өткен Қазақстан чемпионатында "алтыннан" алқа тағынды. Ол 23 жасқа дейінгі балуандар арасында 82 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен еді. стас
Стас бозкілемде бес қарсыласпен "ұстасты". Оның төртеуімен бәсекенің алғашқы күнінде кездесіп, барлығынан басым түсті. Олар да "оңай шағылатын жаңғақ" емес еді – араларында Қазақстанның, Азияның чемпиондары болды. Соңғы белдесуде жерлесіміз жастар арасындағы Олимпиаданың қола жүлдегері, атыраулық Евгений Поливадовпен күш сынасты. Алайда қарсыласының атағы Стастың мысын баса алмағандай, ол Евгенийді 8:0 есеп айырмасымен ұтты. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓