Әкім кубогын сарапқа салды
Демалыс күні Жітіқара қалалық «Асбест» мәдениет сарайында жер-жерден келген жайдарманшы жастар Жітіқара ауданы әкімінің кубогын сарапқа салды. Бүгінде берісі жергілікті әкімдер, әрісі Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес пен Білім және ғылым Министрлігі мықтап қолға алған көңілді тапқырлар сайысы Қостанай өңірінде де кең етек жаюда. Бұған дәлел халықтың ыстық ықыласына бөленіп, облыс қалаларымен қатар ауыл-аудандарында өткізіліп жатқан жайдарман ойындары.

Қуаныш Сейдоллаұлы