«Берсе қолынан, бермесе жолынан»

Борышқа белшеден батқан кәсіпорынның мүлкі тәркіленбек
 
«СтройбатКомпаниясы» ЖШС мемлекетке 15644711 теңге қарыз. Заң бұзғаны үшін Рудный қалалық соты аты аталған кәсіпорынға айыппұл салған. Күні бүгінге дейін қарызы төленбеген серіктестіктің басшысы сот шешімін орындамай отыр. Ал сот орындаушылары коммуналдық қызмет бойынша қарызы бар ұйымға әкімшілік айыппұл салу мақсатында атқарушылық іс жүргізді.
 
20170202_110150
 
Әуелі, «СтройбатКомпаниясы» ЖШС директоры Валерий Шелихов мән-жайдың түсінбегенін айтып ақталды.
– Менің 15 млн теңге қарызым бар екенін жаңа ғана біліп отырмын. Оған қоса, өздеріңіз ғана келмей, баспасөзді «ертіп» әкелгендеріңізді қалай түсінемін? Осындай қоғамдық шу тудырудың қажеті қанша? Мен Қостанайға көп еңбек сіңірдім, оның бәрін бір-ақ күнде ұмыта салуға болмайды ғой! – деп байбалам салды Валерий Николаевич. – Кәсіпорында басқа компанияның есепшісі отыр. Сондықтан оны мазаламаңыздар!
 
20170202_105644
20170202_111323
 
Дегенмен, сот орындаушысының араласуынан соң директор «демін» басты. Аз уақыт өткен соң Валерий Шелихов қарызы туралы хабарландыруды алғанын мойындады. Ол жақын күндері барлық ақшаны қайтаратынын айтты.
 
20170202_105556
 
– «СтройбатКомпаниясы» заңсыз қиыршық тас тасымалдаумен айналысқан. 18 қаңтар күні атқарушылық істі бастадық. Енді қазір кәсіпорынның мүліктерін, оның ішінде компьютерлерді тәркілеу тізіміне енгіздік,- деді сот орындаушысы Елена Реннер. 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓