Жаңа жылды қамауда қарсы алады

26 желтоқсанда "Рубеж Костанай" кедендік бекетінде жолаушылар автобусын міндетті тексеру кезінде шекарадан заңсыз өтпек болған өзге ел азаматтары ұсталды. Құжаттарын тексеру кезінде 54 шетелдік азаматтың ҚР аумағында болу туралы рұқсат қағаздарының жоқтығы немесе мерзімі өтеліп қойғандығы анықталды. Тұтылғандардың 53-і – өзбекстандық, біреуі –әзербайжандық. узбеки
Көші-қон полициясы Басқармасының қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, оны әкімшілік соттың қарауына жіберді.
Сотта Өзбекстан азаматтары Астана қаласында құрылыста жұмыс істеп, кейін Челябіге қосымша табыс табуға бара жатқандарын айтты. Құқықтан аттауларының себебін оңай түсіндіріп құтылғысы келді – ҚР заңнамасынан хабарлары жоқ-мыс.
Сот қаулысы бойынша, шетелдік азаматтар әкімшілік жазаға тартылды. Енді олар айыптарын 1-5 тәулік қамауда болу арқылы өтемек. 
 
Қостанай қаласының прокуратурасы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓