Сөз туралы сөз
"Сөз материяланады". Осы бір "сөз" туралы сөздің авторын қызық үшін іздедім. Жобамен, әлдебір ортағасырлық философтың айтқанын білуші едім. Бірақ ғаламторды қанша тінтігеніммен ұшырастыра алмадым. Солайша отырып, мен үшін бұл сөздің мәнісі авторынан гөрі әлдеқайда қызықтырақ бола жөнелді. Шынымен де, сөз қалайша материяға (бұйымға) айналуы мүмкін? Ол туралы бұған дейін ойланып көрдім бе? Оның кәдік екеніне қаншалықты дәлел бар? Сөздің соншалықты жасампаздыққа ие екеніне қисыныңды көндіруге бола ма?.. Мұның бәрі "бас қатырған" бастапқыдағы сауалдар еді. Бақсақ, "мәселе" төркінін батыстық материализм өкілдерінен емес, дүниетанымы "Галилей, Коперниктен ерте қалыптасқан" (Мұқағали) өзіміздің ата-бабаларымыздың түсінік, пайым-парасатынан көруге болады екен.
Расымен, сөздің құдіреті, киесі боларын бабаларымыз бағзыда батыстық пәлсапашылардан естіп-білмегені анық. "Жақсы сөз – жарым ырыс" дегенді қазақ бертінде айтқан жоқ. Әлгі "сөз материяланадының" аналогының дәл өзі осы нақылымыз болса ше!.. Дұға-тілек, батаның өзінің бұл тұрғыда көп сыры бар сыңайлы. Пенде тұрмыс-тіршілігінде көксегеніне жетсе, "сіздің берген ақ батаңыз қабыл болды", "тілегімді періште орындады", "ата-анамның дұғасы ғой, ақ алғысы" деп жатады. Міне, осылардың астарында да сөздің материяға айналатынына біздің ілкіден бері нанатынымыздың нышаны бар. Қарғыстан іргемізді аулақ салуымыздың да мәні сондай.
Жалпы, сөзден бұрын ой материяланса керек. Өйткені ой дегеніміз күллі жасампаздықтың, болмыстың қалыптасуының басты көзі емес пе. Мәселен:
"…Дүние ойдан шығады",-дейді кемеңгер Абай. Ол осы арқылы "ба-арлық дүниенің анасы – ой" деген түсінікке ұюды меңзейді… "Адамды адам еткен – (еңбектен бұрын) ой" деп тұжырым жасасақ, қисынмен қиысатын тәрізді. Ал "сөз ой түбінде жатады" (Асан қайғы), одан кейін, "сөздің патшасы – өлең" (Абай). Айталық, жоғарыда сөз еткен бата-тілектердің өлең болып өрілетінінің себебі бар сынды. Өлең құрылымында болуы олардың қуаты мен қасиетін, "өтімділігін" арттыра түссе керек. Өлеңді ойыншық көруге болмайды, демек. Қазіргі "шөп те өлең, шөңге де өлең" саналатын заманда жыр жазу "зейнеткердің ермегіне", желбуаздардың пиар-құралына айналды. Қас қылғанда, оқырмандары да қара орман… Мәселе бұлардың заты мен санында да емес. Мәселе – сөз киесінен қорықпаушылық. Өлең өтімді, оқырманын бейжай қалдырмайтындай болуы үшін ғана "қағанағы қарық, сағанағы сарық" бола тұра, "шабытын" жүгіртіп қайдағы жоқ қасірет іздейтіні не екен? Ауадан "айықпас мұң сұрап алып", "өмірден баз кешкіштер" көп, белсенді. Тектен-текке "тақсіреттен талағы тарс айрылып", "қайғыдан қабырғасы қайысып", "қан құсады да" жатады. Шабыт емес, шалықты шапқа теуіп, ұйқас құрастырып ентігудің, "искусственный" тағдыр жасаудың қаншалықты мәнісі бар? Мұны өлеңдегі не минимализм, не литота (құлдырату) деуге де келмейтін шығар… Осы тұста "Жақсы сөз – жарым ырыс" деген даналықты қайтара еске түсірейікші. Не болмаса, "Слова материализуется" дейтін философияны осы жерге "сүйреп әкелейік". Жайраңдап күліп жазған "қасірет-қайғы" болашағыңызға ойрандап кірсе қайттік?
Көлденең жаманшылықтан аулақ болу үшін дұрыс ойлап, дұрыс СӨЗ айтайықшы!
Ой материяланады дегенді естігем. Иә, бірінші ой сосын сөз шығар, дұрысы. Ақылға қонады.Жасанды тағдыр…Негізінде, қазіргі жаңадан қалыптаса бастаған ақындардың өлеңдерін тыңдап, оқып отырып осы ой ойға келеді, бірақ тап осындай теңеуді таба алмағам.Сөз қадіріне келсек,оның орыны бар.Жақсы сөз-жарым ырыс.Сөз сүйектен өтеді, шошытады, қуантады,жігерлендіреді…Қасіреттерге келсек меніңше, тіпті қазірпгіні қойғанда бұрынғылардың өзінің қасіреттерінің 50-60 пайызы бекер ме деймін. Жеке пікірім.Неге? Себебі шын қасірет бір емес бірнеше өлеңі арқылы жылдар бойы адам көңлінен кетпейтін шынайы шер. Жүректен шыққан.Ұмытылмайды. Тіпті пенде баласы желге ұшқан, еңбектенгенімен пайдасын көре алмаған мал-мүлкінің өкінішін де өлгенше айтып өкініп жүреді. Кім үшін, не үшін деп. Малды қойып, жанға келер болсақ оның қасіреті айтарлықтай терең. Жан азабы, азасы, түзетуге кеш қателіктері,құсаландырар шері, қасіреті болса ол сезіліп тұрады.Сөзге сақ болайық деп,оның өмірге тікелей әсері барын дәлелдеп жазған тіпті ғылыми мақалаларды да оқығам.Періште емеспіз, пендеміз. Қателесеміз. Бірақ ондайсың, мұндайсың,оңбайсың дегеннен гөрі сүрінбес тұяқ, жаңылмас жақ жоқ, енді қателеспеуге тырыс! деген орынды.Бір қателікті үш рет жасаған адам -ақымақ дейді.Үш рет емес отыз үш рет жасағандар кім сонда?Айтпаймын, өйтпеспін деп келіп баяғы әдетке басатаны адамның барлығы надан ба, ақымақ па,қырсық па?Шындығында ойланатын әңгіме бұл. Алмас қылыштай тіліп түскен шындық кім -кімді де ойландырып шамдандырса, ширықтырса керек-ті.Іске сәт, тірлікке береке берсін.
Ең соңғы абзацы екен мақаланың тетігі. Расында да қазір сөздің қадрін біліп жүрген жоқпыз. Жақында автобуста отырсам қасыма бір жас қыз келіп, апай астановкаға дейін бирге отырайык демеси бар ма? Мен де кырсыктм. Сөйтіп екеуміз отырдық. Түскенше ана қыз əркіммен сөйлесіп, қасындағылардың мазасын алды. Содан шыдай алмай айтып тастап ем, əлгі ауыз өзімдікі дейді. Ойлансам, ауыз өзімдікі деп əр нарсени оттай беретин болдык па деп калдым.