Жайылымдар туралы заң қабылданды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Жайылымдар туралы» ҚР Заңының жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулармен келісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. жайылым«Парламент Сенаты енгізген түзетулер заң жобасының тұжырымдамалық ережелерін қозғамайды. Атап айтқанда, заң жобасы «аридті жайылымдар», «жайылымдарды суландыру» және «жайылымдардың жем-шөп мөлшері» деген жаңадан қабылданған ұғымдарға қатысты ережелермен толықтырылады», – деді Аграрлық мәселелер комитетінің хатшысы Жексенбай Дүйсебаев.
Сонымен қатар, комитет қорытындысына қарағанда, Сенат енгізген түзетулер заң жобасының тұжырымдамалық ережелерін өзгертпей, тек олардың мазмұнын нақтылайтынын ескере отырып, өзгерістер келісілді. «Жайылымдар туралы» заң жобасының мақсаты – жайылымдарды оңтайлы пайдалануға, соның ішінде жайылым алқаптарына деген тұрғындардың сұранысын қамтамасыз ету бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау үшін жағдай жасауға, жайылым инфрақұрылымы нысандарының жай-күйін жақсарту, жайылымдардың тозуын болдырмауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады. Сонымен қатар, жалпы отырыста депуттар  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларға келісім берді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен аптада Сенаттың жалпы отырысында «Жайылымдар туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір ззаңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаралды. Осы екі құжатқа бірқатар түзетулер жасалғандықтан, заң жобалары Мәжіліске қайтарылған болатын.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓