Саға ауылына су жетті

Саға ауылы – Жангелдин ауданынан шалғай жатқан елді мекендердің бірі.  Ауылдағы ауыз судың тапшылығынан, тұрғындар тіршілік нәрін 5-6 шақырым жерден тасып ішуге мәжбүр. Күздің қара жаңбыры мен көктемнің  ағын суына тәуелді болып келген ауылдықтардың  зары билік құлағына жеткен сыңайлы. 
Ақ-бұлақ
Олай дейтініміз, "Ақбұлақ" бағдарламасы аясында, Саға ауылын сумен қамтамасыз ету мақсатында,  республикалық бюджеттен  251522 мың теңге, ал об-лыстық  бюджеттен 27947 мың теңге қаржы бөлінді.
Құрылыс жұмысын  қостанайлық "Строитель–2003" ЖШС жүргізуде. Мердігерлер  4 шақырымдық жерге су құбырын тартып, 65 құдық орнатты. Сонымен қатар,  2-ші көтерілімдегі су сору станциясының іргетасы қаланып бітті.  Таза ауыз су ауылдықтарға беріле бастады.
 
 Байбатыр  АХМЕТБЕК.
Жангелдин ауданы.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓