Сексеннен секіріп, жүзге жетті (БЕЙНЕХАБАР)
Алдағы ақпан айынан бастап облыс орталығында қоғамдық көлікпен жүру бағасы көтеріледі. Бұл – қостанайлық жолаушы тасымалдаушылар тарапынан болған өтініш. Өткен жылдың қараша айында олар қала әкімдігіне қоғамдық көлікпен жүру құнын өсіруді сұрап жүгінген еді. Себеп – жанар-жағар май мен автобөлшектер бағасының шарықтауы. Енді осы мәселе Қостанай қалалық әкімдігінде өткен жиында көтерілді. Қалалық ТКШ, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Алексей Тарасов жол жүру құнының 20 теңгеге қымбаттайтынын жеткізді.
Оның айтуынша, қала ішінде қоғамдық көлікпен жүру тарифі ақпан айынан бастап 100 теңге болады. Ал қала шетіндегі елді мекендерге дейінгі жолақы да қымбаттамақ. Бұл қаулы жайында қала әкімдігінің сайтында жарияланды. Қазір Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы және Қоғамдық кеңеспен қаулыны мақұлдау жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

Осы мәселеге қатысты тұрғындар пікірін білген едік. (СХН)
Айта кету керек, көршілес облыстарда қоғамдық көлікпен жүру жолақысы бұған дейін қымбаттап үлгерген екен. Ал А.Тарасов тасмалдаушылар мен ТКШ қалалық бағыттарға жергілікті өнеркәсіпте шығарылған 50 автобус сатып алу мәселесін қарастырып жатқанын жеткізді. Бұл жоспарды Қазақстанның Даму банкі арқылы жүзеге асырмақ.

Мәтін авторы Қыдырбек Қиысхан.
Монтажшы Бағдат ТӨЛЕБАЙ,
Таспагер Бердіболат Көркембаев,
Мәтінді оқыған Қасқырбай Қойшыманов.