“Биші” баған
Қарабалықтық азаматша аудандық "Айна" газетінің редакциясына мынадай суретті пікірімен жолдаған: "Набережный көшесі бойындағы 114-ші үй қасында электр бағанасы мен газ құбырларының қисайып, құлағалы тұрғанына бірінші жыл емес. Осыған қатысты қандай да бір шара қолданылса екен. Бұл осы маңды төңіректеп өтетін адамдар үшін қауіпті. Жел соқса ырғалып тұрады. Оқыс жайт болайын десе, табан астында емес пе".Редакция ұжымы келіп түскен ақпарат бойынша мекенжайға барды. Шағым негізді болып шықты. Баған мен құбырлар шынымен бір жағына жантайып тұр. Ал бұл жағдай туралы Қарабалық АЭС басшысы И.Ярошенко:
-Бұл ешқандай қауіп төндірмейді, өйткені оны біз үнемі қадағалап отырамыз. Өкінішке қарай, баған көмілген жер батпақты, сондықтан міздің жұмыскерлер оны қанша тікейтіп қойса да, уақыт өте келе қайтадан ауып кете береді. Егер бұл тұрғындардың наразылығын тудырып, бұл мәселені шешіп беруімізді қаласа, алғашқы кезекте АЭС-на жазбаша түрде арыз жазуларын өтінеміз, – деп жауап берді.