Елбасы Үндеуін ел болып қолдаймыз

Елбасы Үндеуін ел болып қолдаймыз
 
 
IMG_3736

Қалқаман ЖАҚЫП,
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің профессоры
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі

 
 
 
 
 
Бүгінде біздің мемлекет жаңа сапалы деңгейге көтерілді. Қоғам күрделенді, ондағы үрдістер де көбейді, көлемдері кеңейді. Оларды тезарада тиімді шешуді өмірдің өзі талап етіп отыр. Әлемде де аз уақыт ішінде көптеген өзгерістер болып жатыр. Оларды тез қабылдау, түсіну, тиімді шешу жолдарын табу – қоғам талабы. Осылар үшін бүгін біздің де мемлекетіміздің билік тармақтарына оң өзгерістер енгізу қоғам дамуынан туындап отыр.
 Сөз жоқ, тәуелсіз еліміздің алғашқы жылдарында ел билігі бір қолда болуы керек еді. Себебі, қоғамның, мемлекеттің, меншіктің, бір жүйеден екінші жүйеге көшуі ауырдың ауыры, қиынның қиыны болатын. Тәуекел деп тарих таңдаған тарихи нар тұлға Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекет басқаруды өз қолына алып, абыроймен бүгінде күшті мемелекет, мықты ел құрды. Қазір қоғам өзгерді, біз өзгердік, әлем өзгеру үстінде. Демек, мемлекеттік билікке де басқаша көзқарас керек. Сондықтан, Президент өзінің үндеуінде өз өкілеттілігінің біразын Парламентке, Үкіметке арттыруды көздеп отырғандығын айтты. Бірақ, мемлекетіміздің өзекті мәселелері – стратегиялық даму, ұлттық қауіпсіздік, елді қорғау, сыртқы саясат сияқты бағыттары Елбасының өз қолында болады. Ал, еліміздің халыққа аса қажет экономикалық, әлеуметтік мәселелері үкіметке беріледі. Мемлекеттік басқаруды жетілдіру, заңдарды қабылдау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, конституциялық талаптарды орындау – осылардың барлығы қоғамымызда іс жүзінде демократияға кең жол ашу болып табылады. Қандай деңгейде, қандай көлемде мемлекетте заң орындалса, сондай көлемде демократия орнады деген сөз. Осының барлығы халық игілігі үшін, әсіресе жастарды осы қоғамдық-саяси жұмыстарға, мемлекет билігіне көбірек тарту, белсенділіктерін арттыру, жауапкершіліктерін өсіру, сенім, қолдау көрсету. Жастардың азаматтық санасын жаңа деңгейге көтеру. Үндеуді жастар арасында түсіндіру жұмыстары біздің университетімізде де басталып кетті.
Міне, “100 нақты қадам” Ұлт жоспарындағы бесінші реформаны осылай қоғамның жаңа кезеңіне сай ыңғайлау. Бұл мемлекет басшысының үндеуі қазақ қоғамының жаңаруындағы заңды жалғасы деп білеміз. Президентіміз азат елдің алтын қазығын қағып, ширек ғасырда мықты мемлекет орнатты. Талай әлемдік дағдарыстардан да аман-сау өттік. Бүгінде біздерді әлем таныған ел болып отырмыз. Ол қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың, көп этностың басын біріктірген бейбіт елдің бесігіне айналғандықтың нәтижесі.
Қорыта айтқанда, Елбасының жаңа бағыты – күшті Президенттік билік, кәсіби Үкімет, жауапты Парламент, сот жүйесі. Осылардың негізінде бізге озық отыз елдің қатарына қосылуға жол ашылды деген сөз.

 

Жаңа жетістіктерге жетелейді
 
БезымянныйГүлвира   МҰСАБЕКОВА,
 Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік
педагогикалық  институтының проректоры,
Педагогика ғылымдарының кандидаты.
 
 
 
 
 
 
 
Біздің Тұңғыш Президентіміз тәуелсіздік алған күннің ереңінде-ақ «Біз тәуелсіз ел бола аламыз ба, әлде жоқ па?» деген қиын сұрақты өзіне қоя отырып, қазақстандықтардың қолдауымен президенттік басқару жүйесі арқылы бүгінгі таңдағы жетістіктерге қолжеткізген едік. Бұл – ел тағдыры үшін үлкен жауапкершілік болатын. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық кезеңін сараласақ, ел басқарудағы алған бағытымыздың дұрыс екенін заманның өзі дәлелдеп берді. Біз жаһандану үрдісіне етене араласып, экономикамыз бен әлеуметтік ахуалымызды дамыта білдік. 
Қазіргі заманның талабы күн сайын өзгеруде және халқымыздың сана-сезімі де артуда. Сондықтан, әлеуметтік-экономикалық үрдістерді басқарудың тың жолдарын іздеу және билік жүйелерінің халық алдындағы жауапкершілігін арттыру керек екенін Н.Назарбаев өзінің 25 қаңтардағы қазақстандықтарға арнаған Үндеуінде атап көрсетті. Сол себепті  билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу және Конституциямызға өзгерістер енгізу мәселесі бүкілхалықтық талқылауға ұсынылатынын  айтты.
            Меніңше, Президент қабылдаған шешім – бүгінгі заман талабына сәйкес реформа болмақ. Оның негізгі мақсаты – еліміздегі биліктің ел басқаруда тиімді әрі тұрақты жүйелерін енгізуге және олардың жауапкершілігін  арттыруға бағытталған. Мемлекет басшысы Үкімет пен Парламенттің атқаратын рөлдерін күшейте отырып, қоғамымыздың демократиялық үрдістерге белсене атсалысуына ықпал жасайтынын атап көрсетті.
            Елбасының Үндеуі, реформа аясында  еліміздегі саяси партиялардың да атқарар жұмыстары жаңа белестерден көрінетініне сенім артты.
            Президенттің қазақстандықтарға арнаған арнайы Үндеуін «Нұр Отан» партиясының мүшелері мен қазақстандықтардың бірауыздан қолдайтынына сенімім мол.  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓