Игерілмеген жерлер иесін табуда
Қамысты. Ауданда бос жатқан жерлерді мақсатты пайдалану дұрыс жолға қойылып келеді. Үстіміздегі жылдың жеті айында 154 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған. Қазір аудан басшылығы ирандық инвесторларға 11 мың гектар жерді беруді қарастырып жатқан көрінеді. Олар жерді ауыл шаруашылығына пайдаланып, ауданға қосымша салық кірісін әкелмек.