Тархан Жәнібекке ескерткіш орнатылуы мүмкін

Қостанай қаласында Шақшақ Жәнібекке ескерткіш орнатылуы мүмкін. Бұл туралы бастамашыл топ билікке ескерткіш орнатуды ұсынған. Қаржы жинау үшін "Жәнібек-тархан" қоғамдық қайырымдылық қоры құрылып отыр. Кез келген ерікті азамат оған өз үлесін қоса алады.193
Тархан Жәнібек Қошқарұлы (1693-1752) – қазақ халқының жоңғар шапқыншыларына қарсы азаттық күресінің қаһарманы. Абылай хан тұсында қол бастап, хан кеңесшілерінің бірі болған. Тұлғаның өмірі мен ұлтына сіңірген қызметі жайлы орыс тарихшылары тамсана жазады. Ұлт тарихын зерттеген Шоқан Уәлиханов та батыр туралы баяндап, ерлігін бағалайды.
Жәнібек Тархан – Қостанай өңірінің тумасы. Он жеті жасынан бастап қолына қару алған. Тәуке ханның қолымен бірге жауға шауып, жекпе-жекте қалмақтың бас батырын өлтірген. Бұланты шайқасында жоңғарларға ойсырата соққы берген Орта жүз әскерлерінің ең ірі қолын басқарған.
"Жәнібек Тархан" қоғамдық қорының реквизиті:
БСН 170140002904
KZ ЖИК 166010221000326592
"Қазақстан Халық банкі" АҚ ҚОФ
БИК HSBKKZKX
 
Суретте: Шақшақ Жәнібектің Арқалық қаласындағы ескерткіші

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓