9-қабаттан құлап, мерт болды

Көпқабатты үйден секіріп кеткен 15 жасар қыз суицидке барған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде 15  жасар қыз 9-қабаттан секіріп өз-өзіне қол жұмсады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 105-бабы (Өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды», – деді ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Еске салсақ, кеше қалалық аурухана қызметкерлері 25 жастағы қыздың көпқабатты үйден құлап кеткенін хабарлаған. Кейін құлаған қыз жасы 25-те емес, 15-те екені белгілі болды. Ол бірден ауруханаға жеткізілді. Алайда, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓