Жаңа кітаптың таныстырылымы

24 қаңтарда Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК көрме-бұқаралық жұмыстар бөлімінің ұйымдастыруымен журналист, ақын Абылай Маудановтың «Өр Торғай – ерлік мекені» атты кітабының таныстырылымы өтті.
SAMSUNG CAMERA PICTURES

SAMSUNG CAMERA PICTURES

Жиынға автордың әріптестері мен жазушылар, сондай-ақ тарихшылар мен студенттер қауымы қатысты.  Игілікті шараны кітап авторының өнердегі досы, әріптесі ақын, журналист Нұрболат Мешітбаев жүргізді. Бір  жарым сағатқа созылған кеште қазақ халқының 1916 жылғы  ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты тың суреттер мен бейнежазба көрсетіліп, жырға да кезек берілді.
SAMSUNG CAMERA PICTURES

SAMSUNG CAMERA PICTURES

          «Өр Торғай – ерлік мекені» кітабына негіз болған дүниелердің өткен жылдың оныншы қыркүйегінде Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарына сапар жасаған «Өр Торғай – ерлік мекені» экспедициясының мүшесі Абылай Маудановтың саяхат барысында алған әсері мен суреттерінен жинақталғанын айта кеткен жөн.
SAMSUNG CAMERA PICTURES

SAMSUNG CAMERA PICTURES

Сондай-ақ, кітаптың жарық көруіне «Тorgay expedition» тобын ұйымдастырушылар көмектескен. Бұдан кейін кеш қонағы  жүріп өткен жолдары мен қызықты, тарихи сәттерге қалай куә болғанын көпшілікке баяндап берді. Осы аралықта құрметті қонақтар автордың ізденісіне ризашылық білдіріп, шалқар шабыт тіледі.
SAMSUNG CAMERA PICTURES

SAMSUNG CAMERA PICTURES

 
SAMSUNG CAMERA PICTURES

SAMSUNG CAMERA PICTURES

SAMSUNG CAMERA PICTURES

SAMSUNG CAMERA PICTURES

Кеш соңында жиналған жұртшылық мұндай еңбектің ел тарихына бағыт сілтер үлесі мол деп түйіндеді. Өйткені тарихқа тағзым, бабаға құрмет қашан да жандана бермек. Ал бұл жолғы кітап соның жарқын үлгісі болмақ.
SAMSUNG CAMERA PICTURES

SAMSUNG CAMERA PICTURES

 
SAMSUNG CAMERA PICTURES

SAMSUNG CAMERA PICTURES

Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓