«Таза ауыл» бағдарламасы аясында Қарабалық ауылында балалардың ойын алаңы бой көтерді.
Мұндағы әткеншектерді ауылдықтар өз күштерімен, қажетсіз қалған темір-терсек, көліктің ескі дөңгелектерінен құрастырыпты. Өткен демалыс күндері қолдан жасалған бұйымдар әктеліп, сырланды. Игі іске ауылдықтардың бір кісідей жұмылғанын айта кеткен жөн.