Іздеу жарияланады
Қостанай облыстық ішкі істер департаменті 1977 жылдың қаңтар айының 11 күні туылған Қостанай қаласының тұрғыны Ярошевич Светлана Васильевнаға іздеу салады.
Ол 2010 жылы Затобол кентінен жолай жүріп жатқан жеңіл көлікке отырып облыс орталығына бармақ болады. Бірақ, осы күнге дейін әлі үйіне оралмаған. Із-түссіз жоғалған Светлана Ярошевич туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса, облыстық ішкі істер департаментінің қылмыстық полиция басқармасының мына телефондарына хабарласуына болады: 52-61-04, 52-61-05, 52-61-06, 52-60-21 немесе 102, 8-701-234-99-79.