Англиядан оралды
Жазғы демалысын Англияда өткізген қостанайлық оқушылар елге оралды. Екі аптаға шетелге шыққан жеткіншектер өзге елдің мәдениетімен танысып, тілін үйреніп келгенін айтады.
Англияға барғандардың қатарында Қостанай қаласының, Затобол мектеп-гимназиясының және Заречный ауылының озат, белсенді деген он оқушысы барған еді. Екі апталық жазғы лагерьде үйірмелер, экскурсиялар ұйымдастырылыпты. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған балалар өз Отаны жайлы әңгімелеген. Ал, қостанайлықтар еліміздің әнұранын шырқап, «Қара жорға» биін билеген көрінеді.
Қымбат Досжанова