Домбыра жасайтын цех ашылады

Облыстық кәсіпкерлер арасындағы "Идеялар жәрмеңкесі" жобасының жеңімпазы анықталды. Ол – Анар Есенеева. Жеңімпаз  жұбайымен бірге Қостанай қаласында домбыра жасайтын цех ашпақшы. домбыра
Домбыра жасау бұл отбасыға таңсық емес. Бұны Анардың күйеуі Жәнібек 90-жылдары қолға алған. Сол уақыттан бері бұл әрі жанға жақын кәсіп, әрі аз-кем табыстың да көзі. Қазақтың ұлттық аспабын олар 25 мыңнан сатады. Бұдан да жоғары бағаға тапсырыстар болып тұрады. Ол ерекше ағаш түріне, алтынмен зерленетін эксклюзивтілігіне байланысты. Бір домбыраны жасау үшін Жәнібек ай бойы тер төгеді, өйткені ағашты өз қолымен, ешқандай арнайы техникасыз ояды.
Міне, сондықтан да Анардың басына осыған қатысты идея келген: арнайы станоктар алып, істі оң жолға қою. Толыққанды бизнеске бет бұру үшін ол "Жас кәсіпкерлер мектебінде" курстан өтті. Ізінше "Идеялар жәрмеңкесіне" қатысқан. 
"Неге қадам жасап көрмеске?" деп шештік. Есебімізше, цех ашу үшін шамамен үш миллион теңгедей ақша керек. Қаржының жарты бөлігі қолымызда бар. Қалғанын мемлекеттік бағдарлама арқылы алуға ниет етіп отырмыз. Егер мүмкін болып жатса, грант түріндегі көмекке ие болсақ дейміз", – дейді Анар Есенеева.домбыраа
Үздік стартапты Кәсіпкерлік палатасы бизнес-құрылым, кәсіпкерлік және индустиялы-инновациялық даму басқармасының, банк филиалының өкілдерінен жасақталғын байқау комиссиясы анықтады. Ережеге сәйкес, "Идеялар жәрмеңкесінде" жеңіске жеткен бизнес-жоба "Бизнестің жол картасы-2020" бірыңғай бағдарламасы бойынша грант бөлінуі үшін автоматты түрде аймақтық үйлестір кеңесінің қарауына жіберіледі.
Негізі, Анардың сөзіне сүйенсек, олар грантты ұта алмай қалған жағдайда да "салдары суға кетейін" деп отырған жоқ. Өз істерін ашсақ деген ниеттеріне енді ол да тосқауыл бола алмайды.
"Әрине, ақша керек, бірақ біз үшін ең бастысы ол емес. Қазіргі уақытта ұлттық тарихқа, ұлттық дәстүрлерге деген қызығушылық артып келеді. Оңтүстік жақтарда бұл кәсіп өте дамыған. Біз де жұбайымыз екеуміз Қостанай облысында ұлттық аспап жасайтын өзіміздің шеберханамыздың ашылғанын, өзіміздің брендіміздің пайда болғанын қалаймыз", – дейді болашақ кәсіпкер Анар.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓