Жастар үмітті ақтады

Осыдан тура бір жеті бұрын кеншілер шаһары әлемдік деңгейдегі Олимпиададан оралған былғары қолғап шебері Иван Дычконы сән-салтанатпен қарсы алған еді. Араға жеті күн салып, алып кәсіпорынның құрама командасы Еуразиялық топ ұйымдастырған жазғы спартакиададан оралды. 23-26-тамыз аралығында Ақсу қаласында өткен додаға «Қазақстан Алюминийі» АҚ, «ERG Астана», «Еуроазиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ, «Электролиз зауыты» АҚ, «Павлодар машина жасау зауыты» АҚ, «ССКӨБ» АҚ, «ТрансКом» ЖШС, «Шұбаркөл көмір», АҚ «Қазхром ТҰҚ» АҚ құрамалары қатысып, спорттың 7 түрінен өзара бақ сынасты. Қызыққа толы жарыстарда ССКӨБ командасы жақсы нәтиже көрсетіп, жанкүйерлер мен әділқазылардың қошеметіне бөленді. Атап айтсақ, ерлер арасындағы волейбол мен баскетбол жарысында екінші, футболдан бірінші орындарды иеленді. Бірлестіктің қоржынында 2 қола, 3 күміс және 1 алтын медаль бар. Ал жалпыкомандалық есепте кен алыбының спортшылары «Қазхромға» есе жіберіп, екінші орынға жайғасты. Үшінші орын – екібастұздық «Еуроазиялық энергетикалық корпорациясының» еншісінде.Избранное 1
Жазғы спартакиадада кәсіпорын намысын абыроймен қорғаған құраманы кеншілер шаһары мен бірлестік ұжымы «Горняк» жастар спорт кешенінің стадионында зор қошеметпен күтіп алды. Оларды жеңісімен құттықтаған «ССКӨБ» АҚ президенті Береке Мұхаметқалиев ұжымға деген мақтанышын да жасырып қалмады:
– Жарысты ойдағыдай қорытындыладық. Біз спартакиадаға жұмылған жұдырықтай бірігіп қатыстық. Бірліктің арқасында үздік үштік қатарына іліктік. Алғаш рет ұйымдастырылған спартакиаданың нәтижесі жаман емес. Ең бастысы, сіздердің жеңіске деген ұмтылыстарыңызға риза болдым. Екінші спартакиада 2018 жылы біздің базамызда өтеді. Қазіргі жинаған тәжірибемізді шыңдап, екі жылдан кейін бірінші орынға таласатын боламыз. Мен сіздерге сенемін. Жарайсыңдар! – деді ол.Избранное
 
2Ақжарма тілектерден кейін спортшыларды марапаттау рәсіміне кезек берілді. Фабрикалық кешенде диірмен машинисі болып қызмет ететін Роман Князев шағын футболда ерекше көзге түсіп, «Үздік ойыншы» атанды.
– Адам талпына берсе, жолы болғыш келеді. Өзім осы кәсіпорынның бір бөлшегі болғаныма қуанамын. Мұнда еңбек етіп, спортпен шұғылдануға жақсы жағдай жасалған. Ақсу қаласында комбинаттың намысын қорғағаныма, командамен бірге болып, жеңіс үшін талпынғаныма ризамын. Бізді қолдайтын, ұжымға, отбасыма алғысымды айтамын, – дейді ол.Избранное3
Кен алыбында спортқа ерекше көңіл бөлінеді. Оған жылына екі рет өткізілетін жұмысшылар арасындағы жазғы, қысқы спартакиада дәлел бола алады. Ол үшін «Горняк» жастар спорт кешені толығымен заман талабына жауап береді. Мұндай ауқымды жарыстар кәсіпорында еңбек ететін ұжымға өзге қырынан танылып, спортты сүюге, қайсар болуға әрі салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз. ССКӨБ командасы Еуразиялық Топ ұйымдастыратын келесі жолғы жарысқа тыңғылықты дайындалып, біріншілікті иеленеміз деп мақсат етіп отыр. Біз де спортшыларға алға қойған мақсаттары орындала берсін дейміз.
 
Дамира ҚОЖАХМЕТОВА.
Рудный қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓