Күйеуін өлтіруге тапсырыс берген әйел ұсталды
Рудный қаласының тұрғыны полицияға келіп, оны өлтіруге тапсырыс берілгендігі туралы хабарлады. Дереу Қостанай облыстық ІІД мен Рудный қаласының ІІБ қызметкерлерінен құралған арнайы жедел тергеу топ жасақталды.39 жасар ер адамды өлтіруге тапсырыс берген – оның бұрынғы азаматтық некедегі жұбы екен. Екеуі ажырасып кеткеннен кейін әйел ішімдікке салына бастаған. Бала күтімі мен тәрбиесіне көңіл бөлуден қалыпты. Сонда некесіз күйеуі баланы сот арқылы алып қоймақ болған. Ашынған әйел баласын қайтарып алу мақсатында қылмыстық жоспар құрады.
Полиция қызметкерлерімен, арнайы операция барысында, адам өлтіргісі келген әйелдің қылмыстық әрекетіне дер кезінде тұсау салынды. Күдікті қылмыскер құрықталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция қызметкерлерімен, арнайы операция барысында, адам өлтіргісі келген әйелдің қылмыстық әрекетіне дер кезінде тұсау салынды. Күдікті қылмыскер құрықталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Махаббат Бекбай