Мерейтойлық бәссаудаға асығыңыз! (“Тобыл” ФК – 50 жыл)

27 қаңтар күні сағат 19:00-де, "Март" ойын-сауық орталығының үшінші қабатында "Тобыл" футбол клубы ойыншыларының спорттық формалары бәссаудаға қойылады. Осылайша, қостанайлық футбол ұжымы өзінің мерейлі 50 жылдығын атап өтпек. Сондай-ақ, аукционнан түскен қаржы Оксана Масленникова есімді қыздың өмірін аман сақтап қалуға жұмсалады.логотип тобылҚазақстан футболының жарқын жұлдызы, команда сапынан кетсе де, "Тобыл" тарихынан ойып тұрып орын алатын Нұрбол Жұмасқалиевтің футболкасы кімге бұйырар екен? Сондай-ақ, бұл футболканы Жұмасқалиев команда үшін ойнаған соңғы маусымында киген болатын. Міне, футбол жанкүйерлері үшін осындай тарихи маңызы бар құнды форманы сатып алуға асығыңыз!
Сонымен қатар бәссаудаға команданың басқа да белді ойыншыларының футболкалары қойылады. Олар: 
№ 77 – Альмир Мухутдинов 
№ 20 – Душан Савич 
№ 81 – Томаш Шимкович 
№ 9 – Нұрбол Жұмаскалиев 
№ 3 – Денис Главина 
№ 19 – Нұртас Кургулин 
№ 17 – Дмитрий Мирошниченко 
№ 7 – Тимур Досмағамбетов 
№ 8 – Виктор Дмитренко 
№ 25 – Алассане Н'Диае

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓