Елбасымен кездескен коллекционер
Тәуелсіздік заманы тудырған тұлғаларымызбен қатар кеңестік дәуір көсемдерінің есімдерін де, ескерткіштерін де ұлықтаған өңірлердің бірі – Федоров ауданы. Бұл ауданда да кеңестік кезең ескерткіштері алынып, олардың орнына жаңа заманға сай әсем ескерткіштер бой түзеген. Атап айтсақ, «Арлан» спорт кешені, «Тәуелсіздік алаңы», «Барыс» бейнесі сияқты толып жатқан ұлттық нақыштағы ескерткіштер көз қуантты. Бірақ, аудан орталығын аралағанымызда «Советский» көшесі деп жазылған, ауласында Ленин ескерткіші тұрған көк шарбақты үйге көзіміз түсті.Маңдайшасында «Алға» дүкен-магазин деп жазылған үйге бас сұқтық.
Бізді дүкен иесі Анатолий Смирнов деген кісі жылы шыраймен қарсы алды. Дүкенде ағаштан істелінген бұйымдар сатылады екен. Тұрмысқа қажетті ас үй шкафтары мен үстелдер, керуеттер мен басқа да жиһаздар көздің жауын алады. Үй деп отырғанымыз – кеңсе болып шықты. Біздің не мақсатпен келгенімізді білген ол, кеңсе ішін аралатып, өзінің коллекционер екенін айтты.


– Сіз көріп тұрған «Құрмет Белгісі» орденінің көшірмесін маған Ресейде тұратын досым арнайы жасатып, сыйға тартты. Себебі менің жинаған ордендерімнің арасында КСРО кезіндегі осы орден ғана жоқ еді. Ал, қалғандары шын ордендер мен медальдар. Біразы өз әкемдікі, – деді Анатолий Александрович.

Н. Хрущев сасқанынан не айтарын білмей тұрып қалады. Жұмабек Ахметұлы осылайша туған Қазақстанының солтүстік облыстарын Ресей құрамына өтіп кетуден сақтап қалады.

– Әрине, солай істеймін ғой , бірақ Абай ұлы ақын емес пе?! – дедім.
Ол ойланып қалды. Сосын «Бұл айтуың орынды. Ұлы ақындар барлық ұлттарға ортақ болады. Мысалы, Қостанайда Пушкин мен Толстойдың, Лермонтов пен Гогольдің атындағы көшелер бар. Сол сияқты Ресейде де Абай мен Жамбылдың ескерткіштері бар» деді де, өзінің жұмыс бөлмесіне бастады. Мұндағы жарға ілінген значоктарды тіпті де санап болмайсыз.
– Бұлардың бәрін қайдан алдыңыз, қалай жинадыңыз?- дестік біз.
– Лениннің ескерткіштерін қалай жинағанымды жаңа айттым ғой. Осыны естіген достарым Ленинге қатысты қараусыз қалған дүниелері болса маған жіберетін болды. Ауыл адамдары жақсы іс бастағанымды түсініп, значоктары мен суреттерін әкеле бастады. Әрбір значокқа 100 теңгеден бердім. Тіпті керемет суреттерді де осы халықтың арқасында жинадым. Мысалы Лениннің бюст-ескерткішін – 10 000 теңгеге сатқандар бар. Тұрғындар келіп, Лениннің ескерткішін я болмаса картинасын 10 000 долларға бағалап жатса да, мен алуға бармын, – дейді ол.
Иә, тарих таңбалары ықылым заманнан бері сақталып келеді. Оны халқымыз жақсы біледі. Сондай таңбалар Анатолий Смирновтің үйінде де бар екен. Оның шаңырағынан кеңестік дәуірдегі түрлі кітаптарды да, ескерткіштерді де көресіз. Бұл үшін ол кісіні әсте кінәлауға болмайды. Қайта рахмет айтқан жөн болар. Оның бұл ісі бүгінгі біздерге де үлгі іспетті. Уақыт өзі тудырған ескерткіштерді жоюдан, кітаптарды өртеуден не пайда бар? Олардың ешқандай кінәсі жоқ қой. Бұл ретте кеңестік дәуірдегі ескерткіштерді бір көрнекті жерге орналастырған Астана қаласының бастамасы жақсы үлгі емес пе? Мүмкін, Анатолий Александрович өз ауданында немесе облыс орталығында осындай орын болса, жинаған ескерткіштері мен басқа жәдігерлерін үйіне жинамай, сонда тапсырмас па еді?
Биылғы жыл – еліміз бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп салтанатты түрде жарияланды. Еліміздегі жүздеген ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұған казіргі ТМД мемлекеттері де, көптеген шетелдер де қызығушылық танытуда. Шынында да, Қазақстанда да ұлттардың достығы табиғи түрде орныққан. Ол бірнеше ғасырдан бері тамыр жайған. Елбасымыз осы достықты мәңгілік етуді алға қойды. Бұл мұратты қазақтармен қатар басқа ұлттар да темірқазық етуде. Анатолий
Александрович сондай жандардың бірі. Ол Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевпен кездесіп әңгімелескен. Президентіміздің жүргізіп отырған саясатын толық қолдайды.


Ақнұр
МҰСАБАЕВА
СУРЕТТЕРДЕ: коллекционер Анатолий Смирнов Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевпен дидарласқан бір сәт және ол жинаған коллекциялар.
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.