“Береке” шағын ауданы салынады
Қостанай. Биыл 390 пәтер пайдалануға беріледі. Бұл үшін республикалық қазынадан 1 млрд 200 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ, әуежай маңында "Береке" шағын ауданын салу туралы шешім қабылданды. Детальды жоспарлауға 10 млн теңгеден астам қаржы қарастырылып отыр. Аудан ауқымы 100 гектар болмақ. Оның 20 гектары жеке тұрғын үй құрылысына арналса, қалған 80 гектары – мәдени, әлеуметтік-маңызды нысандар және көппәтерлі үйлер үшін.