Таксишіге пышақ жұмсаған
Лисаков қаласында 39 жастағы таксишіні қаскөй жолаушылар пышақпен жарақаттап кетті. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қылмыскерлер – 17 және 20 жастағы қала тұрғындары.
"Ол әуелі ауруханаға хабарласып, ізінше бізді шақырды. Сотқа дейінгі тергеу барысында, таксишіге дене жарақатын салған қылмыскерлер қолға түсті. Қазіргі уақытта оларға қатысты "Тонау" бабы бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде", – деп хабарлаған қалалық ІІБ басшысы Николай Титов.
Тұтқындалғандар тонау әрекетіне таксиге мінбей тұрып барған. Таксишіге шабуыл жасап қана қоймай, оның ұялы телефонын да қолды еткен.
Құқықбұзушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың бірі бұған дейін де ұрлық жасап істі болған.