Кітапқұмарлар байқауы басталады
Облыс көлемінде «Кітап оқып, рухани бай бол!» атты байқау басталады. Оған кез келген тілек білдіруші қатыса алмақ. Ендеше, сіздерді байқау тұжырымдамасымен таныстырамыз.
Негіздеме:
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Білімнің салтанат құруы» бағытының негізгі міндеттерінің бірі – азаматтардың білім деңгейін арттыру.
Әлеуметтік зерттеулер жүргізу қорытындысы бойынша, 2018 жылғы талдау баяндамасында халық арасында кітап оқуға деген ынтаның төмендігі анықталды: Кітап оқу, зияткерлік бос уақытты өткізу нысандарының бірі ретінде халықтың барлық әлеуметтік – жас және демографиялық топтары арасында кең таралған сабақтар болып саналады. Респонденттердің басым бөлігі – шамамен 1/5 немесе 32,0% сауалнамада күніне 1 сағаттан аз уақыт кітап оқиды деп мәлімдеді. Сұралғандардың тек 5,4%-ы күніне 3 және одан да көп сағат бойы қандай да бір әдебиетті оқимын деп жауап берді. Сауалнамаға жауап берушілердің жартысынан көбі – 54,8% «кітап оқымаймын» деп жауап берді.
Байқаудың мақсаты:
Оқу мәдениетін дамыту және қолдау, халық арасында үздік көркем әдеби шығармаларды кеңінен насихаттау.
Міндеттері:
1. Оқитын азаматтардың санын көбейту.
2. Оқу мәдениетін қалыптастыру;
3. Қазақ және шетел жазушыларының үздік шығармаларын насихаттау.
Іске асыру аясы: өңірлер, қалалар, аудандар.
Ұйымдастырушылар: жергілікті атқарушы органдар.
Мақсатты аудитория/ қатысушылар: халықтың барлық санаттары, бизнес-қауымдастық, меценаттар.
Іске асыру кезеңі: 2019 жылғы 15 қазаннан бастап.
Жүлде қоры: демеушілер мен меценаттардың қаражаты.
Жалпы ережелер:
Байқау екі кезеңде өткізіледі.
1. Бірінші кезең әлеуметтік желілерде эстафета форматында өткізіледі. Қатысушы шығармадан үзінділерді мәнерлеп оқып, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселерінің және https://www.facebook.com/ruhani.kz, https://www.instagram.com/ruhkz/ ортақ аккаунттарын белгілеп, инстаграмға жеке бетіне орналастыруы қажет, сондай-ақ байқаудың #RuhaniJangyry #KitapOqypRuhaniBaiBol арнайы хештэгтерін пайдаланады.
2. Екінші кезеңге әлеуметтік желілерде ең көп лайк пен репост жинаған қатысушылар өтеді. Олар үшін «Меломан», «Марвин» өңірлік кітап дүкендерінің бірінде немесе ұйымдастырушы айқындаған басқа орында көркем әдеби кітаптарды терең ұғынуға бағытталған пікірталастар ұйымдастырылады. Ұйымдастырушылар тізімнен бір классикалық туындыны таңдап алады, онда қарама-қарсы мінездері мен көру нүктелері бар екі нысанды көрсетеді. Қатысушылардың мақсаты – өз кейіпкерінің мотивациясын түсіну және оның позициясын сақтау. Дебаттар алдындағы жаттығу ретінде барлық қатысушылар дебаттар үшін таңдалған шығарма бойынша блиц-сауалнамаға қатысады. Жобаға арналған әдебиеттер тізімін ұйымдастырушылар мен қазылар алқасы анықтайды.
Байқауды өткізуге жергілікті атқарушы органдар «Рухани жаңғыру» жобалық кеңселерімен бірге жауапты, сонымен қатар олар қазылар құрамын бекітеді.
Қазылар алқасының құрамына өңірдің танымал адамдары, ақындар, жазушылар, мәдениет, өнер және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар өңірдің блогерлері мен вайнерлері кіреді.
Байқау талаптары:
1. Қатысушылардың #RuhaniJangyry, #KytapOkypRuhaniBaiBol хештэгтерін және «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселерінің және https://www.facebook.com/ruhani.kz, https://www.instagram.com/ruhkz/ ортақ аккаунттарын қолдануы.
2. Екінші кезеңде қатысушылардың саны 10 адамнан аспауы тиіс.
Өткізу уақыты:
Байқау хабарландыру (баспа және Интернет БАҚ-та, сондай-ақ әлеуметтік желілерде) жарияланған күннен басталады .
Байқаудың қорытындысын қазылар алқасы шығарады. Ең белсенді қатысушылар 1, 2, 3 орындармен марапатталады.